02.07.2018
Қоңыр үнді домбыра қалай жасалады
1806
Қазақтың ұлттық аспабы - домбыраны жасау технологиясы күрделі жұмыс. Ата бабамыздан келе жатқан технология бір болғанымен, кәсіби мамандар әр домбыраның үнінен кімнің қолынан шыққанын анық аңғаруға болады дейді.
1 шілде - Ұлттық домбыра күні қарсаңында осы аспап жасаумен 30 жылдан бері айналысып келе жатқан белгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловтан нағыз қоңыр үнді домбыра жасау құпиясын сұрадық.