Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

10.08.2018 Табиғаты тамаша сұлу Түрген
4400

Іле Алатауының биік қарлы шыңдарынан Түрген өзені бастау алады. Жан-жағын асқар таулар қоршап тұрған Түрген шатқалының арасымен аққан өзеннің жағасы — алуан түрлі өсімдікке бесік. Мұнда Тянь-Шань шыршасы, қарақат, бөріқарақат, итмұрын, жабайы таңқурай жайқалып өседі. 
Табиғат-Ана Түрген шатқалын көрікті жерлерге бай етіп жаратқан. Көптеген қайнар бұлақтар, бақтақ балығы тәлімбағы, сарқырамалар, ашық аспан астындағы тарихи-этнографиялық музей, сақ қорғанының Алтын Адам мүсіні секілді табиғаттың тамаша сыйларын осы жерден көруге болады.
Түрген шатқалы кісі тамсандырған саф ауасы мен сұлу табиғатының арқасында Алматы маңындағы ең танымал демалыс аймақтарының біріне айналып отыр.
Фото: Мухтар Холдорбеков