Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

29.08.2018 Елбасы Астанада «Бейбітшілік қабырғасы» монументін ашты
2092

Елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің ашылу салтанатына қатысты. Монумент Астана қаласының 20 жылдығына арналған Ақтөбе облысының тартуы болып отыр.
Ақтөбеліктердің бірегей тартуы Тәуелсіздік алаңының көрнекті тұсына, «Қазақ елі» монументіне жақын жерде салынған.
Сәулетшілер атап өткендей, қабырға біртұтас біріктіріп, қорғап тұратын жапырақ тәріздес шатырды бейнелейді. Яғни, дәстүрлі түрік құрылтайының өнегесімен ұлттарды ұйыстырып, оларды бір шаңырақтың астына жинайды.
Металл мен табиғи тастан тұрғызылған кешен үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі - бөлшектеу мен оқшаулауды, екінші бөлігі - үміт, еркіндік пен тәуелсіздікті, үшіншісі бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау жолын бейнелейді. Монументтің жалпы ұзындығы - 111 метр, ені - 18,4 метр, биіктігі 17,5 метр.
Мемориалда әлемнің 51 тілінде «Бейбітшілік» деген сөз жазылған.