Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

01.09.2018 Мемлекет басшысы Астанадағы №85 мектеп-лицейін ашты
425

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы №85 мектеп-лицейдің ашылу салтанатына қатысты.
Жаңа мектеп Қазақстан мен Араб мемлекетінің халықаралық ынтымақтастығын дамыту шеңберінде Катар Мемлекетінің Даму қорының қолдауымен салынған.
Білім ордасының жобалық қуаты 1200 орынға арналған. Жаңа білім ордасында екі ауысымда жұмыс жасау жоспарланған. Мектепте 48 оқу кабинеті бар. Бағыты - жаратылыстану-математикалық. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
№85 мектеп-лицейде оқыту мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес, инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүргізілетін болады. Үйлесімді жаһандық тұлғаны тәрбиелеу үшін лингвистикалық, инклюзивтік саясатты, академиялық адалдық және бағалау саясатын ұстану көзделген.
1-11 сыныптарда «Математика және ой дамыту», «Робототехника», «Шахмат», «STEM», «Scratch» бағдарламалау ортасы» атты лицей компоненттері оқушылардың жаратылыстану-математикалық ғылым саласындағы білімдерін кеңейтуге бағытталған.