Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.09.2018 «Томирис» фильмі қалай түсіріліп жатыр
2279

«Томирис» фильмінің түсірілімі екі күннен кейін аяқталады. Қазақстандықтар тарихи картинаны 2019 жылдың наурыз айында тамашалай алады. Сол дәуірдің тілі, тұрмыс ерекшеліктерін көрсетуде ақиқаттан алыстамау үшін арнайы тарихшылар мен консультанттар шақырылды. «Томиристің» сценарийі көне түркі тілінде жазылғанын айта кету керек, оны тарихшылар мен тіл мамандары тексеріп, бекіткен болатын. Фильмнің түсірілімі 2017 жылдың сәуір айында басталды. Картинаның бас продюсері – Әлия Назарбаева. Бұл жобада біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғалар баяндалады. Ол кезде Тұмар патшайым (Томирис) бастаған сақ тайпалары Ұлы Дала елін парсы патшасы ІІ Кирден қорғап қалған еді.
Фото: Александр Павский