Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

08.10.2016 Астанадағы Халықаралық мектеп базасында Роботтехника бойынша Республикалық Олимпиада басталды.
1620

Фото: Ильзат Сафаргалиев
Астанадағы Халықаралық мектеп базасында Роботтехника бойынша Республикалық Олимпиада басталды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған шараға еліміздің жалпы білім беретін және зияткерлік мектептерінен 184 оқушы қатысты. Олар – бұған дейін өткен аймақтық сындардың жеңімпаздары. Сайыс Бүкіләлемдік роботтехника олимпиадасы (Word Robot Olympiad - WRO) ережелеріне сай өтіп жатыр.