05.11.2018
Астанадағы Digital Bridge форумы: цифрландырудағы трендтер, тәжірибелер мен бастамалар
4586
Бүгін Астанада «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы өз жұмысын бастады
Digital Bridge - Қазақстандағы биылғы жылы өтіп отырған басты инновациялық оқиға. Қатысушылар форумның диалогтік алаңында цифрландыру саласындағы соңғы әлемдік трендтерді талқылап, алдыңғы қатарлы тәжірибелермен және бизнес-модельдермен бөліседі.
Digital Bridge алаңында 50-ден аса қазақстандық және халықаралық спикер сөз сөйледі. Олардың арасында Startup Genome бас директоры Жан Франсуа Готье, Hyperloop Transportation бас директоры Дирк Альборн, Стартап академиясының менторы және кеңесші, стартап тақырыбы бойынша сатылымға ең көп шыққан кітаптың авторы Боб Дорф, Галактика жекеменшік ғарыш компаниясының негізін қалаушы және иесі Алия Прокофьева, Priceline Group қоса негізін қалаушы Джефф Хоффман, венчурлық капиталдың халықаралық фирмасы Global Catalyst Partners төрағасы және тең мердігері Камран Элахиан бар.