Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.11.2018 Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумы
3727

Петропавлда туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденцияларына арналған Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумы өтті.
Іс-шараға Қазақстан мен Ресейдің іскер ортасы мен мемлекеттік органдар салаларының өкілдері, өңір және облыс басшылары қатысты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іс-шара қатысушыларының алдында сөз сөйлей отырып, форумның тиімді мемлекетаралық алаң ретінде көрсете білгенін атап өтті. 
Мемлекет басшысының пікірінше, Ресей Федерациясы – Қазақстанның стратегиялық одақтасы және маңызды сауда-экономикалық серіктесі. 
«Бүгінгі форум өте өзекті және маңызды мәселеге - елдердің туризмін дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденцияларына арналып отыр. Туризм жаһандық экономикалық дағдарыс  кезінде де экономиканың даму құралы саналады. Қазақстан мен Ресей бұл үдерістерден шет қалмауы тиіс. Бізге жол ашылып жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 
Қазақстан Президенті осы форумның екіжақты өңіраралық іскерлік қарым-қатынастарға жаңа серпін беріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін ашатынына сенім білдірді.