Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

23.11.2018 Нұрсұлтан Назарбаев жас сарбаздармен кездесті
2119

Елордадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Елбасы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиешілерімен кездесті. 
Кездесудің ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылуы жайдан-жай емес. Осыдан үш жыл бұрын дәл осы күні Мемлекет басшысы - ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қарулы күштердің мәдени ошағы - Ұлттық әскери-патриоттық орталықты салтанатты түрде ашқан болатын. Бүгінгі шара барысында «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы Елбасы баяндалып, қозғалыстың өңірлердегі филиалдары өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, қозғалыс тәрбиеленушілерінің жаңа киім үлгісі таныстырылды.