01.12.2018
«Kazakhstan: Wise Power» фотокөрмесі
3631
1991 жылы егемен ел ретінде өз тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан бейбіт даму жолын таңдап, көпвекторлы сыртқы саясатты ұстанып келеді. Қазақстан мемлекеттер арасындағы түрлі қақтығыстар кезінде өзінің бітімгерлік саясатымен танылды.
«ҚазАқпарат» ХАА Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы бітімгерлік бастамаларын көрсететін фотокөрмеге шақырады. Көрмеде «ҚазАқпараттың» өз базасындағы, сондай-ақ шетелдік серіктес агенттіктерден алынған материалдар көпшілік назарына ұсынылды. Фотоқұжаттар әлемдік ауқымдағы саналуан оқиғаларды бейнелейді.