Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

10.12.2018 21 жыл бұрын ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы республиканың астанасы деп жарияланды
3144

 Арқа төсінде Астананың салынуы бүкіл Қазақстанның өркендеуіне жол ашты. Бүгінгі таңда елорда — ірі мегаполис, экономикалық жағынан тиімді көлік, коммуникациялық және логистикалық орталық, Еуропа мен Азияның арасындағы транзиттік көпір. 
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығына сәйкес, Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап республиканың астанасы деп аталып, сол кезден мемлекеттік органдарды Ақмолаға көшіру басталды. 1998 жылдың 6 мамырында, ұзаққа созылған талдау мен пікірталастардан кейін ел басшылығы қаланың атын «Астана» деп өзгертуге шешім қабылдады. 
21 жылдың ішінде елорданың архитектуралық келбеті ғана емес, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері де адам танымастай өзгерді. Астанада бизнес, құрылыс, қызмет көрсету және сауда, көлік салалары қарқынды дамып келеді.