Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.12.2018 Фоторепортаж: «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір және «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі
3078

Индустрияландырудың екінші бесжылдығының төртінші жылы аяқталуға жақын. Биыл жалпы құны 1,2 триллион теңге болатын жүзден астам нысан іске қосылып, 13 мың жұмыс орны ашылды. Еліміздегі индустриалды серпіннің арқасында халықтың өмір сүру сапасы артты. Жаңа жұмыс орындары, заманауи инфрақұрылым, цифрлық қызметтер мен сервистер ашылды.
ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық көрме-конкурсының, «Парыз-2018» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау шарасы да өтті.
Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының «Ең үздік индустриалдық жоба» аталымында «AZALA Textile» ЖШС, ал «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «KazTechInnovations» ЖШС топ жарып, Елбасының қолынан «Алтын сапа» сыйлығын алды.
«AZALA Textile» ЖШС мақта-мата өнімнің халықаралық өндірушісі ретінде танытты. Компания экспортының үлечі 65 пайызға жеткен.  «KazTechInnovations» ЖШС бірегей көзілдіріктерді шығарады. Бұл құрылғылар 360 градус режімде бейне түсірілім жасауға мүмкіндік береді.
Мұнымен қоса, рейтинг қорытындысы бойынша қолайлы жағдай жасауда үздік аудан атағын Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы иеленді.
Сондай-ақ, бизнес жүргізуге жағдай жасаған үздік өңір ретінде Қызылорда облысы танылды.