Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

29.04.2019 Нұрсұлтан Назарбаев: Ассамблея - еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы
2824

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті. Сессияға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Бейбітшілік және келісім сарайында өткен сессияға 1 500-ден астам адам жиналған. Олардың ішінде бүкіл өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.