Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.06.2019 Арыстағы жағдай Мемлекет басшысының бақылауында
2112

Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімшенің қоймасында жарылыс болды.
Жеке құрамның 1800 қызметкері және 50-ден астам техника жарылыс салдарын жоюға жұмылдырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстың эвакуацияланған тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Қала қалпына келтіріледі, бәрі дұрыс болады. Бұл төтенше жағдай, апат. Қайтеміз, кейбір уақытта солай болады. Үкімет ақша, қаражат береді, көмектеседі, алаңдамаңыздар», - деді Қ. Тоқаев эвакуацияланған тұрғындармен кездесуде. «Барлық облыстар көмектеседі. Бастысы, менің тапсыруыммен Үкімет көмектеседі. Балаларға қатысты, Ақмола және павлодар облыстары қазірдің өзінде балаларды, мынадай сұмдықтан кейін жаз маусымында демалысқа шақырып отыр. Аз ғана шыдаңыздар, бәрі жақсы болады. Осындағы сұрақтардың бәрін өзім қадағалаймын», - деді Мемлекет басшысы.
«Хабар» және «Qazaqstan» республикалық телеарналары тікелей эфирде жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарына қолдау көрсету акциясын бастап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Оған Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, «Қазақстан түріктерінің қоғамы» ҚБ филиалының төрағасы Әскер Пириев, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының өкілдері қатысуда. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректері бойынша, 52 адам (Түркістан облысы және Шымкент қаласынан) адам жүгінген, соның 34-і ауруханаға жатқызылған. Бір адам қайтыс болған. Екі адам хал үстінде жатыр.

фото: ҚазАқпарат, Ақорданың баспасөз қызметі, Түркістан облысының баспасөз қызметі, facebook/ Берік Уәли, ҚР ҚМ баспасөз қызметі, куәгерлердің фотосуреттері.