Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.12.2020 Карантин: Елорда тұрғындары кинотеатрларға бара бастады
1782

Кинотеатрлар есігін қайтадан ашпақ: Көрермендер үшін жаңа ережелер бекітілді 
Жаңа жыл қарсаңында кинотетарлар жұмысының қалпына келуін асыға күткен киносүйер қауымның тілегі орындалды. Елордалық кинотеатрлар ұзақ үзілістен кейін карантин жағдайында жұмыс істей бастады.  Алайда, келушілер үшін елдегі қазіргі ахуалға байланысты жаңа ережелер бекітілді: кинозал тек көрермендердің 30%-ына есептелген, қатаң түрде шахматтық тәртіпте – араларына екі орын қалдырып отырғызылады, залда міндетті түрде маска тағу қажет.  Шектеуге қарамастан, көрермендер көптен күткен премьераларды тамашалай алады. Ең бастысы алдын алу шараларын сақтау керек.