10.01.2021
Қазақстандықтар парламент сайлауында қалай дауыс берді
2114
Бүгін Қазақстан бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Сайлауға елде тіркелген бес партия қатысты. Олар: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы және Қазақстанның Халық партиясы. Саяси партиялар тізімінде барлығы 312 кандидат бар.
Олардың ішінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан – 19, «Nur Otan» партиясынан – 126, «ADAL» саяси партиясынан – 16, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан – 38 және Қазақстанның Халық партиясынан – 113 адам.
Сайлау учаскелерінде дауыс беру 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізілді.