Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

01.02.2021 Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды
2479

1 ақпан  Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен вакцинациялау науқанының бірінші кезеңі басталды. Бастапқы кезеңде Ресейде шығарылған «Спутник V»  вакцинасы салынады. Кеше ол Қазақстанға жеткізіліп, бүкіл өңірлерге үлестірілді. Вакцинаны Қазақстанның тек кәмелеттік жасқа толған азаматтары ғана ала алады. Коронавирусқа қарсы вакцина егу 2021 жылдың соңына дейін жалғасып, 6 млн адамды қамтиды деп жоспарланған.  Бірінші кезеңде вакцина ауру жұқтыру қаупі жоғары топтар егіледі. Вакцинаны алғашқы болып салғызғандардың арасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, өңір басшылары мен олардың орынбасарлары бар.