Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

04.05.2021 Вакцинация: Елорданың сауда орталықтарында егу пункттері қалай жұмыс істеп жатыр
1646

Нұр-Сұлтанда вакциналау науқаны қалай өтуде? Бұл туралы білу үшін «ҚазАқпараттың» фототілшісі түрлі сауда, ойын-сауық орталықтарына барып қайтты. Елордада «MegaSilkWay», «Абу Даби Плаза», «Керуен» және «Хан Шатырда» вакцина алуға болады. 
Қазақстандықтар отандық QazVaс вакцинасын, сондай-ақ  «Спутник V» және Hayat-Vaх вакциналарын салдыра алады. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, шамамен 1,5 миллионға жуық азамат, яғни вакцина алуға тиіс халықтың 15%-ы екпе алды. Фотосуреттерден астаналықтардың вакцина алуға келгенін көруге болады. Медицина мамандары көп адам жиналуға болмайтынын, барлық санитарлық ережелерді сақтау керек екенін және дәрігерлердің нұсқауын орындау қажеттігін ескертеді.