Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

14.09.2021 Елордадағы Кіші Талдыкөлге қоқиқаздар ұшып келді
350

Қазіргі уақытта елорда іргесіндегі Кіші Талдыкөлге 10-нан астам қоқиғаз келіп, мекендеп жатыр. Және аталған көлде қоқиғаздан басқа да құстар бар. Мамандардың айтуынша, елімізге жыл сайын 100 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келеді екен. Оның ішінде Ақмола, Қостанай, Жамбыл және Маңғыстау облысының аумағын мекендейді. Талдыкөлге келсек, мамандардың мәлімдеуінше, мұнда кіші және үлкен 100-ден астам құс мекендейді. Оның қатарында қоқиқаз, аққу, қаз, үйрек, шағала, бірқазан және тағы басқа құстар бар.
Осы орайда аталған мекен аз уақыттың ішінде елорда тұрғындары мен қала қонақтарының туристік және демалыс орнына айналып үлгерді. Расында да соңғы күндері Талдыкөлге келген бір топ қоқиқазды тамашалап, оның суреті мен видеосын желіге жариялаушылардың саны артқаны байқалады. Қоқиқаздар көлді уақытша мекендеп, күн суытқанда жылы жаққа ұшып кетеді. Талдыкөлдегі қоқиқаздар туралы толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыздар.