Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

12.10.2021 Карантин: Студенттер дәстүрлі түрде қалай оқып жатыр
138

Биылғы оқу жылында студенттерге оқу орны қабырғасында білім алуға рұқсат берілді. Басты талап - карантин ережесі сақталуы тиіс. Яғни ғимарат ішінде әлеуметтік арақашықтық сақталып, барлығы маска тағып жүруі керек. Тағы бір талап студенттер мен оқытушылар ғимаратқа «Ashyq» жүйесі арқылы кіруге міндетті. Осы орайда дәстүрлі оқу жүйесіне көшкен студенттер қалай оқып жатыр, оқу орындары карантин талаптарын сақтап жатыр ма? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне барып бақыладық. 
Аталған жоғары оқу орнында әр топ екіге бөлінген. Егер топта 30 студент болса, 15 студенттен бөлініп оқиды. Сонымен қатар дәріс аудиторияларында әлеуметтік арақашықтық сақталған және студенттер сабақа маскамен отырады.
Бүгінде ЕҰУ-де 100 пайыз оқу процесінің 22 пайызы онлайн түрде өтіп жатыр, қалғаны дәстүрлі түрде өтуде.
Университет өкілдерінің мәлімдеуінше, оқытушылардың 99 пайызы ал студенттердің 70 пайызы вакцина алған.