Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.10.2021 Президенттің төрағалығымен ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
1127

Елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы жұмысын бастады. Этно-мәдени бірлестіктер өкілдері этносаралық келісімді нығайту жөніндегі маңызды сұрақтар мен Ассамблея алдында тұрған жаңа міндеттерді талқылайды. Жаһандық және өңірлік сын-қатерлер қазақстандықтардың бірлігін әрі қарай нығайтуға ынталандырады. Көп этникалық қатынастардың отандық моделі жаңа қатерлерге қарсы тұруда қалқанның қызметін атқаруда. Көпұлтты көршілік ел азаматтары дүниетанымының ерекше түрін қалыптастырды. Бұл істе Ассамблеяның еңбегі зор. Ол тек ұлттық мәдени салт-дәстүрді және мемлекетаралық байланысты сақтаумен ғана айналыспайды. ҚХА жанында сараптамалық кеңестер, клубтар және еріктілер жасақтары жұмыс істейді.