Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

22.10.2021 Елордада Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті
554

Елордада аңызға айналған әнші Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті. ҚазКСР және КСРО Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, әйгілі тенор Әлібек Дінішев 22 қазанда «Астана Опера» сахнасында мерейтойлық концертпен өнер көрсетті. Шығармашылық кешті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткізді. Сүйікті өнерпазын сахнадан жібергісі келмеген көрермен қауым үшін әнші музыкалық шлягерге айналған туындысын биске тамаша орындап берді. Мазмұнды бағдарламаға «Астана Опера» театрының хоры және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляковтың жетекшілігімен Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі қатысты.