Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.10.2021 Сарайшық ауылында этноауылдың жобасы таныстырылды
1844

Атырау облысында «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының аясында Сарайшық ауылындағы этноауылдың жобасы таныстырылды. Конференция қонақтарына бір кездері Алтын Орда мемлекетінің астанасы болған Сарайшық қаласын еске түсіретін этноауылдың жобасы ұсынылды. Этноауылдың кіре берісінде шығыс сәулетімен салынған сапар орталығы орын тепкен. Этноауылдағы түрлі экспонаттар мен әр дәуірдің киімін киген адамдар Алтын Орда мемлекетінің мәдени даму тарихын барынша кеңінен сипаттаған. Зерлі арба, Ұлы Жібек жолының ажырамас атрибуты – түйелі керуен, жамбы атқан мергендер мен ит жүгіртіп, құс баптаған саятшылар, алтыбақан аясында ән қалықтатқан серілер, темірден түйін түйіп, ағаштан бұйым ойған қолөнер шеберлері, бәрі-бәрі Жошы ұлысының мәдени мұрасы қаншалықты бай болғанын паш етті.