Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

02.11.2021 «Таңдау өнері»: елордада ерекше көрме-жәрмеңке өтуде
553

Картина мен адам арасындағы қашықтық – үнсіз диалог жүретін ерекше алаң. Елорда тұрғындары «Таңдау өнері» жобасы арқылы жұмыстар туралы жеке пікір қалыптастыра алады, ал әрбіреуінің басынан өткен тәжірибесі түс және пішіннің ақпараттық призмасы арқылы түрлі интерпретациялар және естеліктермен сақталады. Көрермендер бұл көрме-жәрмеңкеден өнер бұйымын көрменің аяқталуын күтпей-ақ  сатып алып, өзімен бірге алып кете алады, ал экспозиция үнемі трансформацияда қалады. Көрмеде қазақстандық суретшілердің жан-жақты таңдалып, шеберханаларынан алынған жүзден астам жұмысы ұсынылды. Олардың бірі көрермен топтамасында кейіннен мұраға айналатын алғашқы туынды болуы мүмкін.