Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

24.11.2021 Нұр-Сұлтанда «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды
595

Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумының аясында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жыл сайын талантты жастарды қолдау мақсатында жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызмет, сонымен қатар жоғары спорттық жетістіктер үшін беріледі. Сыйлықты алған жастарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, диплом мен ақшалай сыйлық табысталады. Жастар форумының барысында сыйлықты осы жылғы лауреаттарға ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева табыстады.