Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

29.11.2021 Сайрамдық тұрғын үйінің шатырын музейге айналдырды
406

Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғыны Сухраб Ирназаров үйінің шатырын музейге айналдырды. Музейге 1950 жылдан бері қолданыста болған телефондар мен магнитафондардың және теледидарлар мен фотоапараттардың жүздеген түрлері қойылған. Сухраб Әбдінәбиұлының бұл іске деген қызығушылығы 2014 жылдан басталыпты. Көлік қоятын гаражды тазаламақ болған ол керек емес заттарын шатырға шығарып тастаған. Кейін сұрыптап, қажеттілерін жинақтау барысында коллекцияға деген қызығушылығы артқан. Содан үйінің шатырына арнайы сөрелер жасап, жинаған бұйымдарын сонда іліпті. Бүгінде Сухрабтың музейінде 250-ден астам фотоапарат, 700-ден астам аудио кассета, 40 келі тиын және теледидарлар мен сағаттардың, магнитафондардың түр-түрі бар. Әлемде санаулы ғана таралыммен шығарылған сирек кездесетін техникаларды да Сухрабтың үйінен табуға болады. Коллекционер көне заттарды барлығын ауылдағы «барахолка» аталып кеткен базардан немесе жарнама парақшалары арқылы шет аймақтардан сатып алады. Мәселен, шахталарда тұратын шойын телефонды Павлодардан алып келген. Соғыс жылдары әскерилер қолданған бұрамалы сымсыз телефондарды жарнама арқылы алдырған. Ұлы Жеңіс жылдарында жеңімпаздарға тапсырылмай қалған 80 орден медальдың барлығын бір адамнан сатып алыпты. Күн көсем Лениннің ескерткішін сатушылар 500 теңгеге бағалап, беріп кеткен. Ал, Арабиядан келген лампаларды да қымбат емес бағаға сатып алған. 1989 пластинкаға жазылған құран аяттарын жерлесі, Сайрамдық азаматтан тапқан.