Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.02.2022 Елордада «Бұрқасын-2022» фестивалі өтті
544

Нұр-Сұлтанда Есіл өзенінде дәстүрлі «Бұрқасын-2022» қысқы фестивалі өтті, оған екі мыңнан астам адам жиналды. «Бұрқасын-2022» іс-шарасын елорда әкімдігі ұйымдастырды. 
Фестиваль барысында қатысушылар 10 спорт түрі бойынша сынға түседі: шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, қар ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол. Дәстүрлі түрде шаңғы жарысынан қатысушылар саны басым. «Бұрқасын-2022» фестивалі 22 мәрте өткізіліп отыр. Биыл фестиваль бағдарламасына тағы 2 спорт түрі қосылды: белбеу күресі және қол күресі. Бағдарламаға енгізілген спорт түрлері қала тұрғындарының ұсынысы негізінде іріктелді. Екі мыңнан астам қатысушы тіркелген, олардың ішінде әскери бөлімшелер де бар. Қатысушылардың жасы әртүрлі. Мысалы, шаңғы жарысына 4 жастағы балалар, гір спортына 16-18 жас аралығындағы балалар қатысты. Мұның бәрі әр спорт түрінің талаптары мен ерекшеліктеріне байланысты. Әр жас санаты үшін медальдар мен бағалы сыйлықтар қарастырылған. 
Фото: astana.gov.kz