Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

30.04.2022 Көкпар мен аударыспақтан 10 күнге созылған ел чемпионаты қорытындыланды
409

Жамбыл облысында Көкпар мен аударыспақтан ХХІ ел чемпионаты қорытындыланды. 10 күнге созылған сайыста әр өңірден келген шабандоздар ат үстіне өз ептіліктерін көрсетті. Дүбірлі додаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 өңірден 300-ге жуық көкпаршы қатысты. Аударыспаққа қатысушылар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Ал, көкпаршылар жекелей және командалық есепте 3 орынға таласты. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысы Бірінші лиганың жеңімпаздары атанып, Жоғарғы лигада өнер көрсету құқығына ие болса, екінші орын маңғыстаулықтарға бұйырды. Ал, қола жүлде Шымкенттік құрамасының еншісінде қалды. Жоғары лиганың ойындары нәтижесінде Жамбыл облысы құрамасы үздік атанды. Ал, күміс медальды түркістандықтар иеленсе, үздік үштікті Атыраулық команда түйіндеді.