Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.07.2022 Шымкент анимацияның орталығына айналады
678

«Қошқар мен теке», «Тоқты мен Серке», «Қажымұқан», «Толағай» атты мультфильмдердің Шымкентте шығарылғанын көпшілік біле бермеуі мүмкін. Шағын ғана кеңседе 20-ға жуық аниматордың жасап жатқан дүниелері қазір балалар арасында кеңінен танымал. 
Олардың кейбірі әлемдік танымалдылыққа ие. Мысалы, «Қазақ елі» атты мультфильм Египетте өткен сайыста 3 аталымды жеңіп алды. 90 мемлекет қатысқан сайыста «Үздік анимациялық фильм», «Үздік режиссер», «Үздік музыка» номинацияларын иеленді. Қазақ анимациясы үшін бұл – зор жетістік.