Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

10.07.2022 Қонаевта турникке тартылудан республикалық фестиваль өтті
781

Елімізде алғаш рет әуесқой спортшылар арасында турникке тартылудан жарыс басталды. Оған өңірден 100-ден астам адам қатысып жатыр. Қонаев қаласында бастау алған спорттық сайыс қыркүйек айына дейін жалғасады. Аталған уақыт аралығында Tartyl Fest еліміздің 20 қаласында өтпек. Аталған спорттық шара ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қорының қолдауымен өтіп жатыр. Турникке тартылудан кез келген азамат бақ сынай алады. Сондай-ақ, қаржылай сыйақы қарастырылған. Айта кетсек, Street Workout - бірнеше спорт түрінің басын біріктірген әуесқойларға арналған бәсеке. Еліміздің 20 өңірінде өтетін «Tartyl Fest» шарасы барысында 9 санат бойынша 27 жеңімпаз анықталады. Оның ішінде 1 орын үшін 200 мың теңге, екінші орынға 100 мың теңге және 3 орын иесіне 50 мың теңге табысталды. Толығырақ мына материалдардан оқи аласыздар: https://lenta.inform.kz/kz/konaevta-turnikke-tartyludan-respublikalyk-festival-otip-zhatyr_a3953075 
https://lenta.inform.kz/kz/tartyl-fest-konaevta-turnikke-tartyludan-synga-tuskender-arasynda-zhenimpaz-anyktaldy_a3953092