Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

03.09.2022 Қостанай облысында өрт сөндірушілер бір тәулік бойы жалынмен күресіп жатыр
323

Қостанай облысында өрт бір тәуліктен астам уақыт бойы ауыздықтап жатыр.  Аймақта жергілікті төтенше жағдай жарияланды. Өрт аумағы орман қорының 43 мың гектарынан асты. Новонеженка ауылынан Қазанбасы ауылына қарай 10 шақырым жерде жедел штаб құрылды. Жалын орманнан жақын маңдағы бірқатар ауылдардағы тұрғын үйлерге тарады. 1841 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Облыста өрттен зардап шеккен барлық азаматтар үшін сенім телефоны іске қосылып, ТЖД психологтары қызмет етуде. Облыс әкімдігінің қорынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жатын орын мен тамаққа қаражат бөлінді. 200-ге жуық адам мектептерге орналастырылды. Көп адам үйлеріне қайтты, қалғандары туыстарына кетті. 108 ғимарат зардап шегіп, соның ішінде 98 үй толығымен өртеніп кетті.