Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.07.2017 Ұлы дала әуендері
1776

21 шілде күні «Астана опера» театрында әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаевтің жетекшілік етуімен австриялық композитор Густав Малердің әйгілі №8 Симфониясы орындалды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ауқымды жобасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында өтті.
Қоюшы дирижер – әлемге белгілі маэстролардың бірі, «Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаев.
Концертке «Астана Опера» театрының жетекші солистері Салтанат Ахметова, Жұпар Ғабдуллина, Айгүл Ниязова, Нұрлан Бекмұхамбетов, Татьяна Вицинская, сонымен қатар Абай атындағы МАОБТ жетекші солистері Оксана Давыденко, Олег Татамиров, Таир Тажигулов қатысты.
Малердің ғаламат туындысын «Астана Операның» симфониялық оркестрі, хоры және балалар хоры, сондай-ақ атақты итальяндық Карло Феличе (Генуя қаласы) театрының, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының оркестрі мен хоры, Қазақстан Республикасы Мемлекетік академиялық симфониялық оркестрі мен «Солистер академиясы» Мемлекеттік камералық оркестрі орындады. Оларға сондай-ақ Қазақстандағы жетекші хор ұжымдары қосылды. 
 
Ақпаратты "Астана опера" театрының баспасөз қызметі ұсынды.