Астанада әлемдік футбол жұлдыздарының қатысуымен ЭКСПО-2017 кубогы өтті.
Фото: Виктор Федюнин
Турнир қорытындысы бойынша бас жүлдені Ресей құрамасы жеңіп алды. Солтүстік көршіміз ақтық ойында Әлем құрамасын тізе бүктірді. Қазақстандық футболшылар, өкінішке қарай, үшінші орын үшін матчта 4:7 есебімен португалдықтарға есе жіберіп, жүлдесіз қалды.