18.08.2017
Барселонадағы теракт: 13 адам мерт болып, 100 адам зардап шекті
2566
Барселонада Рамбла көшесінің маңында фургон адамдарды басып кетті.
Каталония билігі 13 адамның құрбан болғандығын растады. Каталония басшысы Карлес Пучдемон 100 адамның зардап шеккендігін жеткізді.
Құқық қорғау органының өкілдері туристер көп қатынайтын қалада көліктің адамдарды басып кетуін теракт деп бағалады. Қаскөй көше бойымен 530-дан астам метр қашықтықты жүріп өтті.
Фото: tasr.sk/ efe.com /AP Photo