Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.04.2018 Көз жанарынан айырылған Саида Қалықова: Нотаны көзбен емес, жүрекпен жаттадым
1345



Егер адамның өмірге деген құштарлығын өлшейтін құрал болса, сөз жоқ, музыкант Саида Қалықованың күш-жігерін, қажыр-қайратын, күрескерлік мінезін ең жоғары шкаламен бағалауға болатын еді. Саида тоғыз жасында ауыр дертті жеңіп, көру қабілетінен айырылса да, «Музыкант боламын» деген арманынан тайған жоқ. Мектепті үздік бітірді. Италияда «Болашақ» бағдарламасымен оқып келді. Музыка академигі атанды. Өзі жазған шығармалары да аз емес.  ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Саида Қалықова 100-ден астам композицияны қалайша ұмытпайтынын, Италия мен Қазақстанның классикалық музыкаға қатысты көзқарастың айырмашылығын, өзі жазған шығармалардың тарихын айтып берді. Ерекше талант иесі былтырғы кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевтың энергетикасын қалай сезгенін де әңгімеледі. Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасына енген оның Еуропада жүргенде итальяндықтарға орыс емес, қазақ екенін дәлдеген кездері де көп болған екен. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.
 
Видео: Ильзат Сафаргалиев