Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

18.04.2018 Құтқарушылар Керуен сауда орталығында оқу-жаттығу шараларын өткізді
921

Оқу-жаттығу шаралары кезінде өрт сөндірушілер сауда орталығының қызметкерлерімен жұмыс істеді 



Сценарийге сәйкес электр желілерінің қысқа тұйықталуынан 3-ші қабаттағы балаларға арналған ойын-сауық секциясынан өрт шығып, тілсіз жау 4-ші қабаттағы кинозалға тарайды. Ғимараттағы қызметкерлер ТЖД-ға өрт туралы хабар беріп, келушілерді қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын бастайды. Олар сонымен бірге өрт сөндіру жұмыстарына да қатысуы керек.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел әрекет ету қызметінің мамандары келеді. Мамандар жағдайға баға беріп, әскери-шұғыл орналасу жұмыстарын бастап, өрт сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстарына кіріседі. Өрт сөндіріліп, тілсіз жаудан келер қауіп сейілді.
 
Видео: Ильзат Сафаргалиев