Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

18.04.2018 Қазақстан Президенті Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде кеңес өткізді
1008

Жиын барысында Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2017 жылғы атқарған жұмыстары жөнінде есеп беріліп, еліміздің қаржы секторының даму перспективалары баяндалды.


Елбасы макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарғанын және инфляцияның белгіленген межеден аспағанын атап өтіп, банк жүйесіне мемлекеттің қолдау көрсетіп жатқанына, сондай-ақ реттеуші тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалауды күшейту қажеттігіне назар аударды.


Жиын соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банк жұмысының жақсара түскенін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.
 
Видео: Президенттің Баспасөз қызметі