Спутниктер Қазақстан өңірлерінде қылмыспен күресуге жұмылдырылады
Отандық спутниктер Қазақстанның барлық аумағын түсіріп, ғарыштық кескіндердің өрнегі (мозаикасы) жасалды. Жыл бойы Қазақстанның 21 қаласында қала құрылысына мониторинг жасалады. 2016 жылдан бері «Жер заң бойынша берілсін - өздігінен иемденуді тоқтатайық» жоспары іске асырылуда. Аталған жоспардың тапсырмасында геопорталды құру жұмыстары қарастырылған. Геопорталға ғарыштық кескіндерді жүктеу көзделген. Қылмыстық картаның арқасында криминогенді аудандарды анықтауға мүмкін болады.