ХІІІ HR конференцияның аясында «Industrial relations: Қазақстанды күтіп тұрған жаңа сын-тегеуріндер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік өтті
Запись трансляции будет доступно в ближайшее время, после ее обработки.
Қазақстан Төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-тегеуріндеріне төтеп бере алады ма? Еліміз адами капиталдың сапасын қалай арттырмақшы? Өндірісте жағымды әлеуметтік-еңбек қатынастарын қалыптастырудағы бизнес пен ғылым ықпалдастығының маңызы қандай?
Осы сауалдарды «Industrial relations: Қазақстанды күтіп тұрған жаңа сын-тегеуріндер» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік секцияның қатысушылары талқылады.
Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы жүргізген іс-шарада кәсіподақ ұйымдарының басшылары, омбудсмендер, қазақстандық және ресейлік ғылыми қауымдастық, бұқаралық ақпарат құралдары, ірі бизнес құрылымдар, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы өкілдерінің, социология, конфликтология және әлеуметтік саясат саласындағы мамандар бас қосты.