Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

26.04.2018 Ұшақтарда жүріп-тұру ережелерін бұзғанда қандай жаза қолданылмақ
1252



Атап айтқанда, ұшақты әуеде басқару, ұшу және қону кезінде бортта түрегелуге, салонда жүруге және өтетін жерде тұруға болмайды. Азаматтық авиация комитетінен хабарланғандай, осы әрекеттер үшін 7 мың 2015 теңге сомасында айыппұл төлеуге тура келеді. Ұшу қауіпсіздігіне немесе басқа жолаушылар мен экипаж мүшелерінің өміріне, денсаулығына, абыройына және намысына қауіп төндіретін жағдай тудырған кезде 481 мың теңге көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке қамау жазасы қарастырылған. Бортта темекі шеккен жолаушыға да сосы сомада айыппұл салынады және 15 тәулікке қамауға алынады. Бортта басқа тұлғаларды  ауызша жәбірлеу, күш жұмсау немесе оны қолдануға рұқсат етілмейді. Бұл үшін 24 мың теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке де қамауға алынады