Бұл туралы Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық ортылығының басшысы Бану Нұрғазиева
мәлімдеді. «Бүгінде «А» корпусының резерві бар да, кадрлық резерв жоқ», - дейді ол. Үміткерлер базасындағы деректер кадрлық қызметтер мен меморгандардың жетекшілеріне қолжетімді болады. Бірыңғай базаға «Болашақ» бағдарламасының 60 стипендиаты енгізілді
Сондай-ақ Мемлекеттік басқару академиясының ниет білдірген түлектері де енді. Деректер базасын жасаушылардың айтуынша, ондағы анкеталар жаңартылып отырады. Кадрлық қызмет мамандары ол жердегі үміткерлерді жасына, еңбек тәжірибесіне және тұратын өңіріне қарай іріктей алады.