Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

02.05.2018 «Kazakh TV» арнасы қырғыз тілінде хабар таратады
1116

Әлемнің 120-дан астам еліне қазақ, орыс, ағылшын тілінде тәулік бойы қызмет көрсететін «Kazakh TV» телеарнасының дыбыс жолы тағы бір тілмен толықты. Бүгіннен бастап телеарна қырғыз тілінде хабар тарата бастады.

Ал жыл соңында өзбек тілімен толығады. Осылайша отандық жерсеріктік телеарна Орталық Азияның ақпараттық кеңістігін жауламақ.


«Kazakh TV» – әлемнің 120-дан астам еліне хабар тарататын халықаралық көпарналы телеарна. Оның шекарасы жыл сайын кеңейе береді. Түпкі мақсат – Орталық Азия елдерін тұтас қамту.

Сандуғаш Рахымжанова, «Kazakh TV» телеарнасының директоры: - Біз мұнымен тоқтамаймыз, осы күзде тағы бесінші дыбыс жолын өзбек тілінде іске қоспақпыз. Жаңа маусымда өзбек және қырғыз әріптестерімізбен Орталық Азия мемлекеттерінде түсірілген ортақ жобаларымыз эфирге жол тартатын болады.

Осылайша Орталық Азияның ахуалы мен бай мәдениетін дәріптейтін контент қалыптастырылады. Демек, «Kazakh TV» аймақтың ақпараттық кеңістігінде көшбасшы болатын күн алыс емес.
 
Заттар: khabar.kz