Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

14.05.2018 Қазақстанда Ми-8 тікұшақтары құрастырылады
1023

2018 жылы Алматы облысында Ми-8/17 тікұшақтары құрастырыла бастайды.
Бұл жайлы Мәжілісте Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.


Тікұшақтарды құрастыру Алматы авиажөндеу базасында іске асырылады. Сондай-ақ биыл Авиатехникалық орталық базасында майдан авиациясының – 10 және әскери-көліктік авиациясының 4 ұшағы күрделі жөндеуден өтеді. Министр бұдан бөлек, қазақстандық пулеметтер әлемде үздіктер қатарына енгенін айтты. «Қазіргі кезде біздің кәсіпорынның атқыш өнімдері әлемдік деңгейдегі үздік өнімдер бестігіне кіреді», – деді Бейбіт Атамқұлов. Әскери кемежасау саласында Қазақстан өз қажеттіліктерін отандық кәсіпорындардың есебінен қамтамасыз етеді. Шетелдік компаниялардың қатысуымен Каспий теңізінде бірлескен кеме жасау верфиін салудың екі жобасы әзірленіп жатыр. 23-26 мамыр аралығында Астанада «KADEX - 2018» V Халықаралық әскери-техникалық мүліктер және қару-жарақтар көрмесі өтеді. Көрме аясында алғаш рет «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумы өтеді.