Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

15.05.2018 «Қазақстандағы Кэндо клубына» иайдо шеберлігі көрсетілді
2773

Жапонияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі «Қазақстандағы Кэндо клубына» кэндо құрал-саймандарын табыстау рәсімін өткізді.

Шарада жапон халқының қылыш қолдану өнері – иайдодан Жапония чемпионы Нобукадзу Ониси жиналғандарды өз өнерімен тәнті етті.
   
  • 2016 жылы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің Қазақстанға сапарына орай, Жапонияның «Жауынгерлік өнер шеберлерінің Орталық Азияға сапары» қорының жобасы аясында Қазақстанға Жапония Кэндо федерациясының төрт кэндо шебері келген болатын. Сол кезде жергілікті кэндо шеберлері Қазақстанда өнердің осы түрінің құрал-саймандарын табу қиын екенін айтқан. Осыған байланысты, Жапонияның Кэндо федерациясы елімізде кэндоны насихаттау және дамыту мақсатында осы құрал-саймандарды сыйға тартуға шешім қабылдаған.
Видео: Ахмедин Жансерик