Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

17.05.2018 Астана экономикалық форумының бірінші күні
2217

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана экономикалық форумы жұмысын бастады. Ірі экономикалық форматтағы және халықаралық деңгейдегі іс-шара елордалық Конгресс-орталықта өтіп жатыр. 


Форумға түрлі елдерден 500 спикер қатысуда, бұл рекордтық көрсеткіш. Олардың арасында БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун, «Apple» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк, Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, кинорежиссер Кшиштоф Занусси, Инфрақұрылымдық инвестициялар Азия банкі директоры Цзинь Лицюнь және тағы басқалары бар. 

Алдын ала мәлімет бойынша 6 мыңға жуық қатысушы бар.
Шетелдік қонақтар:
183 - бұрынғы және қазіргі саяси қайраткер, шетелдік мемлекеттік органдардың өкілдері (2017 жылы – 54);  
342 - ірі бизнес және трансұлттық компаниялардың жетекшілері (2017 жылы – 84);
277 – халықаралық ұйымдардың өкілдері (2017 – 72);  
119 – салалық сарапшы, шетелдік университеттердің профессоры;
134 - сарапшы, Нобель сыйлығының иегері (в 2017 – 76).
 
Қазақстан тарапынан:
1 353 - мемлекеттік органның өкілі;
899 – институттар мен университеттердің ғылыми сарапшысы, қауымдастық пен қоғамдық ұйымдардың мүшелері;
509 – ұлттық компаниялардың өкілдері;
198 – елшілік, халықаралық ұйымдардың өкілдері;
1 039 – бизнес, жеке компаниялардың өкілдері.
 
Видео: Ахмедин Жансерик