Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

22.05.2018 Сейсенбіде Астанада күшті жел тұрып, нөсер жауды
1309

Сейсенбіде Астанада күшті жел тұрып, нөсер жауды.


Дүлей дауылдың екпіні қоршауларды ұшырып әкетті. Елордадағы аудандардың бірінде құрылыс краны құлап түсті. Қаланың көптеген тұрғыны оған куә болды. Олар құрылыс кранының құлағанын түрлі ракурстан видеоға түсіріп алды. Табиғаттың тосын сыйынан Бейбітшілік және Келісім сарайына зақым келді. Кейбір ғимараттардың қасбеттік әйнектері зақымданды. Құйынды дауыл көшедегі жарық бағанын құлатып, тұрғын үй кешенінің шатырын ұшырды. Үлкен билборд құлады, ғимараттардың қаптамасының бөлшектері ұшып, автомобильге зақым келтірді. Қазіргі сәтте 13 адамның зардап шеккені туралы ақпарат бар. Келтірілген зақымның ауқымы есептелуде. Қалада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.