Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.05.2018 Қазақстанда өрт қауіпсіздігін сақтамаған сауда орталықтарының тізімі жарияланды
1244

Өрт қауіпсіздігі нормасын бұзғаны үшін сотқа берілген Қазақстандағы сауда орталықтарының тізімі анықталды


Тізімді ҚР ІІМ ТЖК жасады, іс шешім қабылдау үшін сот органдарына берілді. Соттың шешімімен сауда орталықтарына 240 мыңнан 1 млн 200 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұдан бөлек, сауда орталықтары соттың шешімімен 3 айға дейін өз жұмыстарын уақытша тоқтатуы мүмкін. Істері сотқа берілген 18 сауда орталығы мен үйлердің тізімінде «Арзан», «Домиллион», «Алматы кілем», «Москва», «Мамыр», «Орбита», «Строймарт»,  «Есентай Молл» және басқалар бар. Сондай-ақ, оңтүстік астананың жеті базарындағы бұзушылықтар қаралады. Астанада базарларға, сауда орталықтары мен үйлерге қатысты тоғыз іс қозғалды. Алматы облысында Смағұлова ЖК Орталық әмбебап базарының иесіне қатысты сот шешімі күтілуде. Инспекторлар 1 мың 243 нысанды тексеріп, нәтижесінде 15 мың бұзушылық анықтады.
Видео: Ахмедин Жансерик