Астанада елорда бүлдіршіндерінің қатысуымен ауқымды әрі қызықты шара – Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің парады өтті.
Парадтың мақсаты - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында эстетикалық және патриоттық тәрбие берудің негізі ретінде студенттер мен оқушылардың салтанатты көше фестивалі шеруін дамыту әрі қолдау. Мерекелік шараға Астана қаласының білім ұйымдарынан 6000-нан астам бала қатысты. Парад Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.
Видео: Ахмедин Жансерик