Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

06.06.2018 Астана Пирамидасы туралы 10 дерек
2598

№1 дерек: Бейбітшілік және келісім сарайын салуға екі мыңға жуық түрлі ұлт өкілдері атсалысқан. Оның ішінде британдық сәулетші Норман Фостер мен оның 100 адамнан құралған командасы бар. 


№2 дерек: Ғимараттың нөлден сегізінші қабатқа дейінгі биіктігі - 75 метр. №3 дерек: 60 градус бұрышта қиғаш қозғалатын лифттер де сарайдың бірегейлігі болып саналады. №4 дерек: 62х62 метр болатын Пирамиданың негізі құрыштан жасалған. Металл конструкцияларының жалпы салмағы 5 мың 100 тоннаны құрайды. №5 дерек: Сегізінші қабаттағы шағын мәжіліс залы «Бесік» деп аталады. Себебі, дөңгелек залды тіреп тұрған колонналар бесікті ұстап тұрған қолды бейнелейді. №6 дерек: Үшінші қабаттан сегізінші қабатқа дейінгі әйнекте көгершіндер бейнеленген. Оларды танымал витражды әйнек дизайнері Брайан Кларк салған.
№7 дерек: Атриум деп аталатын ең үлкен мәжіліс залында тілеген тілек орындалады деген наным бар. Оның орталық бөлігі тұтас Пирамиданың ортасы болып саналғандықтан, барлық оң энергия осында жиналады. №8 дерек: Пирамиданың ұшар басына апаратын баспалдақтар бір бірімен қиылыспайды. Олар шынайы және жасанды өсімдіктермен көмкерілген. №9 дерек: Тұтас Пирамида қараңғы және жарық бөліктерге бөлінген. Оның үшінші қабаттан төмен бөлігі жерасты әлемін бейнелейді. №10 дерек: Ең астыңғы қабатта 21 ұлттық костюм қойылған. Мұның барлығын этномәдени орталықтар мен елшіліктер сыйлаған.
Толығырақ
Видео: Ахмедин Жансерик