Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.06.2018 Қазақстанның Ұлттық музейі – тарих пен жаңа технология үйлесімі
1113

1998 жылғы 17 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық музей құру мәселесін көтерді 


Қазақстанның Ұлттық музейі 2014 жылы 2 шілдеде ашылды. Музей ерекше пішінімен, алыстан көз тартады. Кешен 74 мың шаршы метр жерді алып жатыр. Ол дүниежүзілік стандарттарға сәйкес жабдықтармен, арнайы контенті бар бірегей иілген экранмен жарақталған. Музейде көптеген медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарық, LED-техника, сенсорлық дүңгіршектер бар 
Орталық атриумнан күн астында қалықтап тұрған алтын қыран көрінеді. Қыран әр 1,5 сағат сайын қалықтай ұшып, кең байтақ қазақ жерін аралайды. Қыран қанат қаққан сәтте  үлкен экраннан еліміздің табиғаты, қалалары, тарихи орындар көрсетіледі. Ұлттық музей заманауи технологияның жетістіктерін қолдана отырып салынған әлемнің үздік 10 музейінің қатарына кіреді. Орталық Азияда Ұлттық музейге тең келер нысан жоқ.
Толығырақ
Видео: Ахмедин Жансерик